Сот қос жолақты кесіп өткен жүргізушіні оқиға болған сәттегі шұғыл жағдайға байланысты кешірдіБұл туралы ATPress.kz сайтына сілтем жасап Тengrinews.kz хабарлады.
Оқиға 2017 жылдың қыркүйегінде Атырау қаласындағы Құрманғазы көшесіне болған. Ер адам көпірден түсіп келе жатып, Құрманғазы көшесіне рұқсат етілмеген орыннан бұрылып, жолдың қос жолағын кесіп өткен.
Оны полицей тоқтатады, алайда, жағдайды салмақтап, ер адамға әйелін перзентханаға жеткізуге мүмкіндік берген (әйел жүкті болған, отбасы егіздердің дүниеге келуін күтіп отырған). Полицей хаттаманы кейін толтырған. Іс сотқа жолданады. Әдетте мұндай ереже бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылады.
Бірақ судья Ботагөз Хасенова іс материалымен таныса келе — полиция ұсынған суретте жолақтың анық байқалмайтынын және жүрізушінің сол кездегі психологиялық, эмоционалдық жағдайын есепке алды. Осылайша, сот шешімі бойынша жүргізуші шұғыл жағдайға байланысты жауапкершіліктен босатты. ҚР Әкімшілік кодексінде осындай бап бар.
Ал жүргізуші өз кезегінде Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғановтың және өзін ақтаған судьяның атына ризалық хатын жазған.