jasqazaq.kz

Перзентхана қызметкерлері шала туған сәбилерді пешке өртеген

19 маусым 2018, 10:59


Самарқандта перзентхана қызметкерлерінің шала туған сәбилерді пешке өртеп келгені анықталды.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында жеке емхана заңсыз түсік жасап келген. Қызметкерлер жаңа туған сәбилерді сатып, кейбірін өлтірген, –  деп жазады жергілікті “Хукук” газеті. Былтырғы жылы перзентхананың пешінен 4 баланың түсік жасатылған денесі табылған.

«16 наурыз күні кезекші дәрігер хабарласып, муфельді пеш ішінен түсік жасатылған шарана денелері табылғанын айтты. Оны пешті тазаламақ болған санитар қызметші байқаған. Пештен 4 сәбидің денесі болған», – дейді емхананың бас дәрігері Илхом Хазраткулов.

Оның айтуынша, түсікті екі емханада жасаған. 5-6 айлық сәбилерге түсік жасатқан.  «Оларда муфельді пеш болмағандықтан, біздікін пайдаланған. Түсік жасатылған денелерді санитарға беріп, ол пешке тастап отырған. Сол күні газдың аз болуына байланысты денелер жанбай қалған. Сәбилер медикаментозды түсік арқылы алынып тасталғандар. Әдетте 6-7 айлық сәбилерді құтқаруға болады», – дейді Хазраткулов.

Басылым мәліметінше, тірі туған сәбилерді 500-2000 долларға баласы жоқ ерлі-зайыптыларға сатқан.   Емхананың бас дәрігері 13 жыл, 2 айға қамалды. Перзентхананың бірнеше қызметкерлері сотталды.

Stan.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды