jasqazaq.kz

Павлодардан Астанаға ұрлық жасауға келген (Видео)

04 қазан 2022, 11:04


Астанаға әдейі келген Павлодардың үш тұрғыны адамға лық толы автобустарға кіріп, 15 ұялы телефонды қолды еткен. Олар әрекеттерін бір күнде іске асырып, қаладан шығып кетпек болған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғындары автобус ішінде қымбат ұялы телефондары ұрланғанын айтып, арызданған.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33, 32 және 30 жастағы үш ер адам болып шықты.

Ұсталған үш қалта ұрысы елордаға Павлодардан түнде келгені анықталды. Қаскүнемдердің мақсаты маршруттық автобустарда ұрлық жасау болған. Таңертең іске шыққан олар қоғамдық көлікте үш ұялы телефонды ұрлаған, түстен кейін астанадан шығып кетуді ойластырған. Қалта ұрылары адамдарға толы автобустарға әдейі кiрген.

Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың қалта ұрлығының 15 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция мәліметінде.

Күдіктілер қамауға алынды, олардың осыған ұқсас бірқатар қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті