
Павлодарда 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жаңа туған нәрестесін сатпақ болғаны үшін қолға түсті. Әйел әлеуметтік желілер арқылы сатып алушылар іздегені анықталды.
Жүктіліктің соңғы айларында басталған бұл әрекет бала дүниеге келгеннен кейін, үш күндік қыз баланы ақшаға беруге тырысқан сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта оның ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Нәресте дәрігерлердің бақылауында, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
View this post on Instagram