jasqazaq.kz

Павлодарда сотталушы түрмеден қашып кетті

12 ақпан 2018, 17:11

Оқшауланған мекемедегі 27 жастағы сотталушы тәулік бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген 1990 жылғы сотталушы осы мекемеде жұмыспен қамтылып, тұрып жүрген. Оған берілген еркіндікті пайдаланған ол жұмыс орнын тастап, қашып кеткен», — деп хабарлады Павлодар облыстық қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің өкілі Мадина Нұркенова. ҚАЖД дерегі бойынша, 27 жастағы ер адам тұтқындалғанға дейін Алматыда тұрған. Ол 2013 жылы ҚР ҚК 360-бабы 1-бөлімі бойынша алты жыл жеті айға бас бостандығынан айырылған еді. Ол Екібастұз қаласы Шідерті кентіндегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген, бірақ оны Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Павлодардағы 162/2 колониясына жұмысқа орналастырған. Сол жерден қашып кеткен, деді М.Нұркенова.

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды