Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растап, тергеу басталғанын айтты, – деп хабарлайды Qasym.kz.
24 жастағы полиция қызметкерінің мәйіті табылуына байланысты ҚР ҚК 105 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Ер адам 2013 жылдан бастап полицияда жұмыс істейді екен. Бұдан өзге ақпараттар тергеу жүріп жатқандықтан құпия сақталып отыр.