jasqazaq.kz

Павлодарда Ленин көшесіне Астана атауы беріледі

21 қараша 2017, 18:02

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы облыс орталығындағы осы мәселеге орай қоғамдық тыңдау өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, жастар және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» жазды.

Мәдениет және тілдер бөлімінің хабарлауынша, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері Ленин көшесін Астана көшесіне ауыстыру жөнінде өтініш түсіріпті. Заңда белгіленген тәртіп бойынша тиісті құжаттарды жинап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына ұсыныпты. Қоғамдық тыңдауға келген көпшілік бастамашы топтың ұсынысын қолдады. Қоғамның пікірін тыңдаған депутаттар дауысқа салу арқылы атауды өзгерту жөніндегі ұсынысты қанағаттандыру туралы арнайы хаттама әзірледі. Осы аптада өткен сессия барысында 20 депутаттың барлығы Ленин көшесін ауыстыру бойынша дауыс берген. Алдағы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні көше атауы Астана деп аталады. Облыс орталығында бүгінгі күннің мақсат-мүддесін сай келмейтін 200-дай көше атаулары бар.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті