jasqazaq.kz

Павлодарда Қызыл кітапқа енген құстарды сыртқа сатып келгендер ұсталды (Видео)

Бүгін, 17:08

ҚР Ішкі істер министрлігі Қызыл кітапқа енген құстарды контрабандалау арнасының жолы кесілгені туралы хабарлады.

5 ақпан күні Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз түрде шетелге шығару бойынша қылмыстық схеманы анықтап, жолын кесті.

— Сирек кездесетін құстарды аулау Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүзеге асырылған. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір топ адам, оның ішінде Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері де ұсталды. 17 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 40-тан астам құс, 5 атыс қаруы, шамамен 200 оқ-дәрі, суық қарудың бірнеше түрі, құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар, сондай-ақ басқа да маңызды айғақ болар заттар тәркіленді. Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 120 миллион теңгеден асады, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінен.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық ұсталған адам қамауға алынған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

inform.kz

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?