jasqazaq.kz

Павлодарда 19 жастағы қыздар шетел азаматын өлтіріп тастады

17 қазан 2017, 15:52

Павлодарда Германия тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, шетел азаматының денесі 13 қазан күні Павлодардағы пәтерлердің бірінен табылған. Денесінде зорлық белгілері бар. Күдікті ретінде павлодарлық 19 жастағы екі қыз ұсталды. Оның біреуі қаладағы оқу орнындарының бірінің екінші курс студенті екен.

«Қайтыс болған шетел азаматы мен ұсталған қыздардың бірінің арасында жанжал шыққаннан кейін қыз кетіп қалған. Алайда пышақ алып, құрбысымен бірге қайта келген. Қазір аталған іс бойынша «Топ болып адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті