jasqazaq.kz

Павлодар облысында құны 100 млн теңгеден асатын заңсыз вейп сатпақ болған топ ұсталды

26 маусым 2025, 13:49

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі «VAPE SHOP MAXI MALL» арнасы арқылы сатылып, курьер арқылы жеткізіліп отырған.

Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды.

Ерекше назар аударатын жайт — бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

2025 жылдың басынан бері Агенттік вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 деректі тіркеді, 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды.
Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді, өйткені олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.

Фото: ШҚО Полиция департаменті

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам