jasqazaq.kz

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, соққыға жыққан (Видео)

19 қазан 2022, 16:32

Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде @mypavlodar Instagram парақшасында 19 қазан күні ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды.

«Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14.00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысы – «балаға келтірілген дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірілу дерегіне сәйкес келеді». Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралатын болады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді. 9 қазанда зардап шеккен баланың заңды өкілі өтініш білдірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мой Павлодар (@mypavlodar)

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті