jasqazaq.kz

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

13 сәуiр 2016, 12:11

Павлодар облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұржан Әшімбетов облыс орталығының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аймақ басшысы Болат Бақауов Нұржан Әшімбетовке өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан зор үлесіне ризашылығын білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Ол 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған. Зооинженер мамандығы бойынша Алматы зооветеринарлық институтын және бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттікке қарасты «Карана» корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады. 1997-1999 жылдар аралығында — Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры;

1999-2008 жылдар аралығында — Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы;

2008-2009 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды. 2012 жылғы 1 ақпанда Павлодар облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды