jasqazaq.kz

Пәтерде тұратын көпбалалы ана «Алтын алқасын» сатпақшы (видео)

13 маусым 2018, 11:09

Жеті баланың анасы Алима Жұбаева «Алтын алқа» мен «Күміс алқасын» пәтерге айырбастауға дайын. Өйткені ақшаға мұқтаж отбасына баспана керек.

Қазір Алима 8-баласына жүкті. Бірақ жақында отбасы панасыз қалуы мүмкін. Өйткені пәтер қожайыны екі ай ішінде үйді босатуларын сұраған. Бұл туралы sn.kz currenttime.tv-ге сілтеме жасап хабарлады.

Айтуынша, көпбалалы ана ретінде үйдің кезегіне 4 жыл бұрын тіркеліп қойған. Бірақ баспана алғанша отбасы 8 баламен далада қаңғырып қалудың аз алдында. Сол себептен, Алима «Алтын алқаларын» сатамын деп отыр.

«Мемлекет маған алтын алқа мен күміс алқаны көп балалы ана болуым үшін сыйға тартты. Бірақ сатуыма тура келіп отыр. Үйдің кезегіне 4 жыл бұрын тіркеліп қойған едім. Ол кезде 8000-шы орында болғанмын. Енді баспанамызды күтіп жүрміз», – дейді көпбалалы ана.

Бүгінде отбасы балаларға мемлекеттен ай сайын берілетін 16 779 теңге ғана жәрдемақы мен отағасының тірнектеп тапқан жүз мың теңге айлығына күнелтіп отыр.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды