jasqazaq.kz

Пәтер иесі егіздің мүрдесін тоңазытқыштан қалай көргенін айтты

24 қараша 2017, 13:55

Алматыда егіз балалардың өліміне қатысты сот отырысында куәгер, пәтер иесі Мәлика Ибраева балалардың мүрдесін қалай көргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Оның айтуынша, Волченко пәтерді бір күнге жалдаған, сосын тағы бір күнге алатынын жеткізген. 12 қыркүйек күні түске жақын көршілер пәтер иесіне соғып, үйден сасық иіс шығып тұрғанын айтқан. «Мен басында ет сасып кеткен шығар деп ойладым. Пәтерге кірдім ешкім жоқ болды. Тоңазытқыш бұрышта тұратын. Ашып қалып едім ішінен сөмке жерге түсті. Оның ішінде баланың басы жатқан сияқты көрініп, шошып кеттім де полиция шақырдым», — деді Ибраева. Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды. Қазіргі уақытта сот алдында Қазақстан азаматшасы Алла Волченкомен оның азаматтық некедегі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов жауап беруде. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.

 

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті