jasqazaq.kz

Партия жаңғырса қоғам жаңғырмақ

04 қараша 2017, 12:10

Апта соңында Астанада «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болды. Жиынға үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы және Мемлекеттік хатшы қатысты. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары мен орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары да кеңеске қатысты. Ресми жиында елдің даму жолында партия атқарған жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта атқарылуға тиісті келелі мәселелер сөз болып партия жұмысын одан әрі жетілдіре түсу мәселелері қарастырылды.

«Бүгін біз «Нұр Отан» партиясын жаңғыртуға қатысты маңызды мәселені талқылаймыз. Өткен жылдар ішінде партия еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға, Қазақстанды дамыту мен халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы міндеттерді орындауға зор үлес қосты. Партия бірнеше парламенттік сайлаудан лайықты өтіп, еліміздің басты партиялық-саяси күшіне айналды», – деді Саяси кеңес отырысын ашқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Президент өз сөзінде еліміздегі басты партияның мемлекетті дамыту жолында атқарылып жатқан іргелі реформалардың сәтті жүзеге асуына ықпал етіп келе жатқандығын атап өтті. Сол сияқты ел болашағы жолында күрделі де жүйелі шешімдер қабылдаудың маңыздылығына тоқталды. Әрі әрбір істің дәйекті де тиянақты атқарылуының артықшылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы ел көлемінде жүріліп жатқан рухани жаңғыру жұмыстарына саяси қолдау білдіре отырып, жаңғыруды одан әрі жетілдіре түсудің тетіктерін дұрыс бағытта үйлестіру керектігін айтты. «Дегенмен, бізге тоқтауға болмайды. Өздеріңіз де білесіздер, биыл біз экономиканы, саясатты, біздің қоғамымыздың рухани саласын жаңғыртуға кірістік. Жаңғырту еш уақытта да оңай болмайды. Ол айтарлықтай қарсылықтарды туындатуы мүмкін. «Нұр Отан» партиясының рөлі ең алдымен жаңғырту бағдарын саяси қолдаудың тетіктерін құруы тиіс. Билік тармақтары арасындағы бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты конституциялық реформа мәселелеріне келетін болсақ, бұл – еліміздің саяси жүйесін демократияландыру мақсатында жасалған маңызды қадам», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент қазіргі жағдайдағы әлемнің дамуына сай партия алдында да зор міндет тұрғандығын ескертті.

Ал «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Рухани жаңғыру» бағытында жүрілген жұмыстар ел дамуына зор үлесі қосатынын Мемлекет басшысы алдында айтты. «Сіз ұсынған «Рухани» жаңғыру» қазақ қоғамының дамуына ерекше серпін, ерекше қимыл-қозғалыс әкелді. Қоғамдық санаға қозғау салуға партияның барлық ресурстары мен активтері жұмылдырылды. «Рухани жаңғыруға» арналған республикалық жобалау офисінде тұрақты жұмыс істеу үшін арнайы партия хатшысы белгіленіп, әлеуметтік желі, түрлі

мессенджерлердегі жұмыс күшейтілді», – деді М. Құл-Мұхаммед. Сонымен қатар партия төрағасының бірінші орынбасары қазір қазақ қоғамында аса маңызды мәнге ие болып отырған латын әліпбиіне көшу мәселесін де атап өтті. «Санадағы серпілістің іргетасы саналатын қазақ әліпбиін латынға көшіруді халық арасында кеңінен насихаттауды партия да өзінің күнделікті жұмысында басты назарда ұстауда», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Жиында елдегі бас партияның қоғамның әр саласындағы түйінді мәселенің шешім табуына белсенді атсалысып келе жатқандығы сонымен қатар мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғасып отыратындығы айтылды.

Бейбіт Тоқтарбай, Астана қаласы

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы