jasqazaq.kz

Параны етпен алған

21 қараша 2017, 21:54

Семейде параны етпен алған білім бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары сотталды.

54 жастағы Сара Елеусізованы сот 9 млн. теңге айыппұл салып, сот залынан бостандыққа жіберді. Бірақ аталған соманы бір ай көлемінде төлемеген жағдайда абақтығы тоғытылуы мүмкін. Сондай-ақ, жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылды. Сара Елеусізова жергілікті бір балабақша есепшісінің 9 айлық есеп- қисабын еш кедергісіз жауып бермек болыпты. Ал ол бұл қызметіне бар болғаны, құны 7500 теңге тұратын 5 келі етті үйіне әкеп беруін сұраған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сара Елеусізова жергілікті бір балабақша есепшісінің 9 айлық есеп- қисабын еш кедергісіз жауып бермек болыпты. Ал ол бұл қызметіне бар болғаны, құны 7500 теңге тұратын 5 келі етті үйіне әкеп беруін сұраған. Мұнымен шектелмеген орынбасар тағы бір адамға мектептің иелігіндегі мемлекеттік автобусты да алып бермек болған көрінеді. Бұл көмегі үшін одан алғашында 15 тонна көмір алмақ болыпты. Әйтсе де, кейінен бұл ойынан айнып, 120 мың теңге сұраған. Осылайша, оны жемқорлыққа қарсы департамент мамандары жұмыс орнында ақшаны алған сәтінде қолға түсірген.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті