jasqazaq.kz

Параға ноутбук алған түрме басшысы 7 жылға сотталып кетті

23 қараша 2017, 23:05

Ақтауда 172-6 түзету мекемесінің басшыларына қатысты сот аяқталды. Бұл жолы әріптестерінің ең соңы болып, параны ноутбук түрінде алған колонияның бұрынғы бастығы Ержан Тілеулиев 7 жылға абақтыға жіберілді.Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Сондай-ақ, оның барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, әділет майоры деген атағы қайтарылып алынбақ. Бұдан өзге Ержан Тілеулиев мемлекеттік қызметтің маңына да өмір бойы жолай алмайтын болды. Естеріңізге салсақ, Ақтау түрмесіндегі тәртіпсіздік туралы ондағы сотталғандардың шағымынан соң белгілі болған еді. Яғни жазасын өтеп жатқандар Ержан Тілеулиев пен оның орынбасарларының өздерін үнемі ұрып-соғатынын және бопсалау арқылы пара алғанын айтқан болатын. Олардың арызын аяқ асты етпеген прокурорлар жазылғандардың жалған емес екенін анықтаған. Ақырында түрме басшысының орынбасары Рахымжан Қуатбеков сотталғандардың тума-туыстарынан теледидар алғаны үшін істі болып, 3 миллион 329 мың теңге айыппұл төлеп құтылса, бөлім бастығы Бақтияр Айнақұлов 25 000 теңге пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 7 жылға сотталған еді. Ал, мекеме бастығының тағы бір орынбасары Жәнібек Қалдыбаев 1 миллион 500 мың теңге айыппұлмен, сот залынан босап шыққан болатын.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті