jasqazaq.kz

Пара орнына виски сұраған

03 қараша 2016, 10:41

viski

«Атырау облысы Ішкі істер департаментінің емханасы бар госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды.

«Сотта 2016 жылдың ақпан айында «Атырау облысы Ішкі істер департаментінің емханасы бар госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері полицияға қызметке орналаспақ болған азаматқа медициналық комиссияны өтуге көмектескені белгілі болды. Бұл үшін пара ретінде құны 10 мың теңге тұратын бір шөлмек виски алған. ҚР ҚК-нің «Пара алу» бабы бойынша тергеуалды жұмыстармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство айналысты.

Сотта айыпталушы кінәні мойындау туралы прокурормен процессуалды келісім жасасу ниетін білдірді. Сот оны кінәлі деп танып, айыппұл түріндегі жазаны тағайындады. Айыппұлдың көлемі – параның 50 еселенген сомасы – 825 мың теңге. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды», – делінген Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

stan.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету