jasqazaq.kz

Өзіне қол жұмсаған қарағандылық қыз өлім ойынын тамашалаған

07 ақпан 2018, 12:11

Қарағандыда қайтыс болған 13 жастағы қыздың жақындары оны өзіне қол салуға итермелеген телефондағы өлім ойындары деп отыр. Ол біреудің нұсқауымен өзін дарға асқан екен. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жетінші сыныпта оқыған Настя Изотова мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері болған. Ол өте батыл, ешнәрседен қорықпайтын, өмірді жақсы көретін жасөспірім екен. Туыстары тіпті, қыздың өзгеріп жүргенін де байқамапты.

Настя өте үлгілі отбасында тәрбиеленген. Оның балалық шағында да ешқандай жайсыздық болмаған.Тек соңғы кездері смартфонына шұқшиып, жан-жағына мән беруді қойыпты.

Осыны еске түсірген марқұмның ата-анасы қайғылы оқиғадан кейін оның телефонын тексерген.

«Ол өзінен бастады — осындай психологиялық қабылдау бар. Балалар соған еліктейді. Қолына қайшы алып, дарға асынып тұрып суретке түсу керек. Содан кейін қолындағы қайшымен жіпті кесіп жіберу керек екен. Олардың кілт сөзі «Мен осылай жасадым, қолымнан келді» деген тіркес екен», — дейді әпкесі Светлана.

Осыдан кейін психолог мамандар ата-аналарға балаларын ғаламтор ойындарынан шектеуді сұрап отыр. Себебі р ойынның мақсаты мен қызметі қандай екенін нақты біліп зерттеу керек дейді олар.

Ал баланың психологиялық өзгеріске ұшырап жүргенін байқаған жағдайда, бірден онымен жұмсақ түрде ашық сөйлесу керек екен. Оны кінәлауға болмайды. Мұндай әңгіме үлкен қайғылы жағдайдың бетін қайтаруы мүмкін.

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы