Алматыда мас күйінде жол апатына түскен жүргізуші зардап шеккен кісіге пышақ көрсетіп, қоқан-лоққы жасаған деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылым деректеріне сәйкесе, Жамбыл көшесінің бойынмен келе жатқан Lexus көлігіне артындағы Toyota көлігі келіп соғылған. Қатты соққыдан Lexus жүргізушісі есінен танып қалған.
Есін жиған автожүргізуші оған екі ер адам жақындағанын айтады. Олар зардап шегушінің көліктен түсуін талап еткен. Алайда ер адам көлігін кілттеп, есігін ашпай қойған.
«Қызыл жанып, қиылыста тоқтап тұрдым. Осыдан кейін қатты соққыдан көлігім ұшып кеткенін білемін. Тіпті есімді жоғалтып алдым. Көзімді ашып қарасам, екі жігіт келіп, маған дауыс көтеріп жатыр екен. Мен дереу көлігімді ішінен кілттеп алдым. Ол терезені тоқылдата бастады. Бір кезде ол пышақ алып, жақындап: «Аш. Әйтпесе суырып аламын», — деп қоқан-лоққы көрсетті», — деп айтып берді зардап шегуші.
Ер адам полицияға хабарласа бастаған. Осы тұста көліктен шыққан жігітке Toyota жүргізушісі келіп, оның телефонына жармасқан. Салдарынан телефон құлап, шағылып қалған.
Полицейлерге жол апатына кінәлі жүргізуші өзін президент күзетінің қызметкері екенін айта бастаған. Бұл ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына аталған қызмет өкілі шақырылып, ол мұндай кісінің президент күзет қызметінде жұмыс істемейтінін жеткізген.
Бан бөлек, сараптама жасау кезінде ер адамның ішімдік ішкені және оның жүргізуші куәлігінің жоқ екені анықталған.