jasqazaq.kz

Өз ұлын өлтірді деген күдікпен мас әйел ұсталды

20 қараша 2017, 15:10

Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 60 жастағы ауыл тұрғынын «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің ресми сауал хатына жолдаған жауабында облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. — Әйел алкогольдік мас күйде туындаған жанжал барысында 40 жастағы өзінің ұлына пышақ жарақатын келтірген. Салдарынан ер адам қайтыс болды. Ұсталған кезде күдікті учаскелік полиция инспекторына қарсылық көрсеткен, оған дене жарақаттарын келтірген. Қылмыс орнынан пышақ алынды және заттай дәлелдеме ретінде сотқа дейінгі тергеу материалына қосылды, — деді мамандар. Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлімі — «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» және 380-бабы, 1-бөлімі — «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бойынша тергеу жалғасуда. Күдікті қамауда. Алғашқы бап бойынша күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, екінші бап бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті