jasqazaq.kz

Отбасы күнінде жас отбасылар сайысқа түсті

12 қыркүйек 2022, 11:01

Шымкентте Отбасы күніне орай «Салауатты отбасы –салауатты қоғам» атты отбасылық спорт жарысы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ, ол неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулардың алдын-алу, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Бүгінгі отбасылық бәйгеде құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын 25 жастан жоғары 10 команда бақ сынасты. Ата-анасына қолдау көрсетіп, сайысқа қатысқан балалардың жасы 9-17 жас аралығында болды.

Жарыс 7 эстафетадан тұрады. Барлық эстафеталар уақытының ең аз мөлшері бойынша анықталады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

Бәйге «Шармен секіру», «Су тасу», «Кір қыстырғыш жинау», «Жұмыртқаны жарып алма», «Көңілді доптар», «Қаппен секіру» және «Орнында тұрып ұзындыққа секіру» секілді көңілді сайыстарға толы болды.

Тапсырмаларды орындау үшін отбасы мүшелерінен шымырлық пен шапшаңдық, байсалдылық, аса ұқыптылықты талап етеді.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысына сәйкес ІІІ орынды Ринат пен Ақжібек Мустафина бастаған «Арыстан» командасы иеленсе, ІІ орыннан Талапбек

Қыпшақбаевтың «Достық» командасы көрінді. Жүлделі І орынға Оралхан Есембеавтың «Жанұя» командасы лайық деп табылды. Одан бөлек, сайысқа қатысқан барлық отбасыға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті