Отандық ғалымдар алғаш рет темекіні қыздыру жүйесіне зерттеу жүргізді

14 мамыр 2019, 13:18

    Бүгін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің (ҚазҰМУ) ректоры Талғат Нұрғожиннің жетекшілігімен қазақстандық ғалымдар тобы темекіні қыздыру жүйесі туралы алғашқы отандық зерттеудің нәтижелерін БАҚ өкілдеріне ұсынды. Бұл еңбектің мақсаты темекі қыздыру жүйесінің (ТҚЖ) технологиясы туралы ақпарат жинау және талдау, сондай-ақ оны дәстүрлі темекі өнімдерімен салыстыру. Ғалымдар 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін ағылшын тілінде белгілі бір критерийлер бойынша жарияланған мыңға жуық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жинап талдады.

Жиын барысында Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің (ҚазҰМУ) ректоры Талғат Нұрғожин: «Бұл – қазақстандық ғалымдар мен денсаулық сақтау саласының мамандары жүргізген ТҚЖ-нің алғашқы зерттеуі. Осы тақырыпты зерттеу бүкіл әлемде кеңінен танымал, жаңа клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері үнемі жарияланады, ғылыми әлем ТҚЖ-нің адам ағзасына әсерін әр түрлі сипатта зерттейді. Бүкіл әлем бойынша танымал ғалымдар жану кезінде бөлінетін химиялық заттар,  яғни канцерогендердің зиянын айта отырып, никотиннің өзі айтарлықтай зиянды тудырмайды деген қорытындыға келді. Беделді ұйымдар жүргізетін әр түрлі тәуелсіз зерттеулердің нәтижелері IQOS аэрозолында, қарапайым темекі түтінімен салыстырғанда, зиянды заттардың 90-95%-ға аз екенін дәлелдейді, бұл темекіні тұтынумен байланысты әр түрлі аурулардың зияндылығы мен даму қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін» , — деп атап өтті.

ТҚЖ әлем нарығында 2014 жылы пайда болды. Қысқа уақытқа қарамастан, өндірушілер, тәуелсіз институттар мен беделді ғалымдар көптеген түрлі зерттеулер жүргізді, олардың көпшілігінің қорытындысы бір-біріне ұқсас – темекіні қыздыру технологиясы әдеттегі темекімен салыстырғанда тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуге қабілетті.

— Біз көптеген түрлі жұмыстарды зерделедік. Соның бірі –  IQOS пайдаланудың ауыз қуысына қалай әсер ететіні туралы зерттеу, өйткені темекі шегу пародонт ауруы дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Адам қызыл иегінің жасанды жасушалары темекі түтінінің және IQOS аэрозолінің әсеріне бірнеше мәрте ұшырады. Эксперимент барысында ТҚЖ пайдалану кезінде жасушалық деңгейде тіндерде аз ғана өзгерістер және иек жасушаларында ең төмен деңгейдегі патологиялық өзгерістер анықталды. Ал, темекі түтінінің әсерінен елеулі зақымданулар мен өзгерістер байқалды. Зерттеу нәтижелері IQOS-ты қолданудың қарапайым темекі шегуге қарағанда зияны әлдеқайда азырақ екенін растады, — деді С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің ғылым және инновация департаменті басшысының орынбасары Гаухар Байділдинова.

Ғалымдардың айтуынша, ТҚЖ пайдаланудың әсері айтарлықтай қолайсыз салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар анықталған жоқ.

— Біз талдаған клиникалық зерттеулер темекі шегушілер ТҚЖ-не көшкенде немесе темекі шегуден толық бас тартқанда кері әсердің төмендейтіні туралы ақпарат береді. Оң өзгерістер 5 күннен кейін-ақ анық бола бастайды, ал зерттеулер кемінде 90 күн жүргізілді. Осылайша, темекі түтіні адам ағзасына үлкен өзгерістер әкеледі деп айтуға әбден болады.  Ал IQOS-ты пайдалану кезінде бұл әсер айтарлықтай төмендеді, тіпті темекі шегуден толық бас тартқандағыдай мүлдем байқалмады, — деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университетінің өмір туралы Ғылым орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Гуляев.

Зерттеуге ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Рахимов және Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana микробиомы және ұзақ өмір сүру зертханасының кіші ғылыми қызметкері Шыңғыс Серғазы да қатысты. Кеңес беру функцияларын шетелдік мамандар Ұлыбританияның медицина мектебінде профессор ассистенті, өмір туралы Ғылым орталығының маманы Филип Ла Флер және АҚШ Қорғаныс министрлігі бағдарламасының аға талдаушысы Стэфан Чиусано орындады.

jasqazaq.kz

 

24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі