jasqazaq.kz

Отандық компаниялар Жаңа жылды тойлаудан бас тартуда

20 қараша 2016, 23:53

20161120105328

Ұлттық компаниялар мен мемлекеттің иелігіндегі xолдингтер жаңажылдық корпоративтерден бас тартуда. Бұл туралы Orda FM арнасындағы «Лига Джентльменов» шоуының радиожүргізушісі, танымал шоумен, «1show.kz» event компаниясының резиденті Азамат Имашев мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, оның айтуынша, қазір мемлекет үшін қиын тұста, отандық компаниялар жаңажылдық сауық-сайранға емес, еліміздің егемендігіне 25 жыл толуына арналған түрлі шараларға көп мән беруде. «Самұрық-Қазына», «Қазақстан Темір Жолы», «ҚазМұнайГаз» компанияларына xабарласқанымызда, олар компания бюджетінен жаңажылдық корпоративтерді өткізуге қаражат қарастырылмағанын xабарлады. «Қазақстандық компаниялар қазір жаңажылдық корпоративтерге мүлдем дайындалып жатқан жоқ. Компаниялардың белсенділігі өте төмен, себебі биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Корпоративтерге тапсырыс беру, әртістерді таңдау, мерекенің тұжырымдамасын дайындау желтоқсанда басталуы ықтимал. Бірақ оның өзі күмәнді. Біздің ел үшін 16 желтоқсан өте маңызды дата болғандықтан, Астанада, аймақтарда ешқандай жаңажылдық дайындықтар байқалып жатқан жоқ. Ел егемендігінің 25 жылдығы қалай айтсақ та, барлығымыз үшін де өте елеулі оқиға», — дейді Азамат. Ал мемлекеттік емес, дербес шағын компаниялар, жеке бизнес жаңажылдық корпоративтер үшін мейрамxаналардағы бос орындарға осы бастан тапсырыс беруде. «Жеке компаниялар ұжымы қазірден қамданып жатыр. 23-24 желтоқсан күндері ерекше сұранысқа ие. Ресторандардың басым бөлігі орындарын сатып үлгерді. Бұл жеке меншік компаниялар ғана екенін атап өткім келеді», — деп атап өтті танымал шоумен. Дегенмен олардың өзі дағдарыс кезінде көп шығынға батпай-ақ, мейрамды арзанға өткізуге тырысады екен. «Жаңа жылдық корпоративті өткізу шамамен 300 мың теңгеден басталады. Қазір әртістері шақыру да азайды. Бұрынғыдай мейрамды белгілі бір тақырыпқа арнап, Голливуд мәнерінде ұйымдастыру өзекті емес. Биыл желтоқсанға әртіс жалдаған компаниялар мүлдем жоқ. Әр компанияда өздерінің таланттары бар. Бөлім қызметкерлері жеке-жеке сценарий дайындап, бірі ән айтса, екіншісі музыкалық аспаптарда ойнайды, енді келесілері күлкілі қойылым ұйымдастырады», — деп түйді сөзін Азамат Имашев. Кей кездері ұжым Аяз Ата мен Ақшақарды шақыртудың орнына, бөлім бастығын Аяз Ата, ал оның көмекшісін Ақшақар қылып киіндіріп шығаруды жөн көреді екен. Бұл компания қаражатын үнемдеп қана қоймай, әріптестердің көңілін көтереді.

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)