jasqazaq.kz

Өскемендегі сарғайған қар елді алаңдатты

19 наурыз 2018, 16:26

Өскеменнің Сол жағалау ауданында қардың ашық сарғыш түске боялуы елді алаңдатып отыр. Тұрғындар 2 аптадан бері жағымсыз иіске тұншығып жүргендерін айтып, экологиялық қауіпсіздік орталығына шағымданды.

Ульянов көшесіндегі 86 үйдің ауласындағы газ қоймасының маңайында қардың ашық сары түске енуі жұрттың күдігін туғызса керек. Тұрғындар екі аптадан бері аулада жағымсыз иіс пайда болғанын сезінген. Облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары «Казгидромет» мекемесімен бірге қар түсінің өзгеру себебін анықтамақшы. «Бізге бүгін тұрғындардан шағым түсті. Естіген бойда экология департаменті мен қалалық төтенше жағдай мамандарына хабарластық. «Казгидромет» мекемесі мен біздің мамандар аталмыш аумақтан қар сынамаларын алуға кетті. Тұрғындардың айтуынша, екі аптадан бері аулада жағымсыз иіс пайда болған екен. Оның газ сақталатын ыдыстарға қатысы бар-жоғын да тексеріп көреміз» — дейді экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.

ҚазАқпарат

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы