jasqazaq.kz

Өртенген үйден 51 адам шығарылды

30 мамыр 2023, 16:24

Атырауда өртенген үйден 51 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 20-сы бала. Мұны облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. «Атырау қаласындағы С. Датов көшесінде орналасқан 6 қабатты үйдің балконынан түтін шыққан. Шақырту орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жанғанын анықтады. Департамент қызметкерлерінің күшімен 7 адам, оның ішінде 5 бала автосаты арқылы 5 және 6-қабаттан қауіпсіз жерге шығарылды. Тұрғын үй дәлізіндегі баспалдақ арқылы 44 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Жалын салдарынан 30 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар жанған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде 30 минут ішінде адамдар құтқарылып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Жалынды сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң