jasqazaq.kz

Орта дәулетті

24 маусым 2016, 17:15

128238151_Limon_iz_kostochki2

Оңтүстік өңірдегі диқан Оспанәлі Таңсықбаев жылыжайда лимон өсіріп, 11 тонна қазаққа таңсық жеміс жинапты. Бұл Қазығұрт ауданындағы жалғыз лимонарий екен. Солтүстікпен салыстырғанда егістік жері аз, халқы көп, жұмыс орны тапшы аймақта ауыл шаруашылығына арқа сүйе бастапты. Жер игеруге жақындау көрші өзбек пен тәжіктің, қала берді Иран мен Ауғанстаннан көшіп келген қандастарымыздың да ықпалы болған шығар. Өсірген өнімін тікелей Ресейге жіберетін шаруа қожалықтары да кездеседі. Жалпы, «Қолы қимылдағанның ғана ауызы қимылдайды» дейтін нарықтың қатал ережесін басқалардан бұрынырақ түсінген де осы фермер қауымы.
Бұдан біраз бұрын Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Асқар Мырзахметов (Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі) Жетісу өңіріндеі қызылша жинау көлемі 7 есе артқанын хабарлады. Бұл егіншіні айтпағанда, қант шығаратын кәсіпорынның да, зауытқа қайта оралған жұмысшының да жағдайы жақсарады деген сөз. Осы екі мысал ауылдың мұнайға сеніп, тығырыққа тірелген экономикада еленбей жүрген әлеуетін көрсетеді. Ауыл шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпкерлікті іс жүзінде (қағаз бетінде емес) жүзеге асыратын нақты бағдарлама, арнайы банк, қолжетімді құрал-сайман, қолайлы қарыз (субсидия) болса, диқан мен малшының бүкіл елімізді отандық азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқары жеткілікті. Олар Америка, Еуропа, тіпті Түркиядағы әріптестері секілді қоғамда беделі биік нағыз орта дәулеттіге айналар еді.
Ірі жобалардан ғана сөз етіп үйренген үкімет осы аптада шағын және орта кәсіпкерлікке ден қоятынын мәлімдеді. Экономикаға құйылатын қосымша 240 млрд теңгенің бір бөлігі осы салаға бағытталады. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев осылай дейді. Бірақ осы қаржы шағын кәсіпкерге қалай жетеді? Орта жолдағы пысықайлар қағып кетпей ме? Қиын сұрақ. Министрге жүгінсек, орта және шағын бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 26 пайыздан 25-ке дейін азайыпты. Алайда сарапшылар мұнымен келіспейді. Олар дағдарыс бұл көрсеткіштің шын мәнінде 15 пайыз төңірегінде екенін көлденең тартып, АҚШ пен Германияны мысалға келтіреді. Бұл елдерде көрсеткіштің 75 пайызға дейін жететіні, дағдарыс кезінде дәл осы орта және шағын бизнестің экономиканы тығырықтан алып шығатыны көпшілікке белгілі. Соны ескерген мемлекет аталған саланы қорғап, қолдап отырады. Түркия үкіметі кезінде Анкара қаласының маңында ұсақ-түйек бұйым жасайтын кәсіпкерлерге шеберхана ашып берді. Кейін ол үлкейіп, инеден бастап, мәшиненің моторына дейін шығаратын үлкен орталыққа айналды. Қасынан дүкендер ашылды. Ірі кәсіпорындар кейбір бөлшектер үшін тапсырыс беретін болды. Ірі және шағын бизнестің арасында іскерлік байланыс орнады.
Осыдан біраз бұрын біздің үкіметтің араласуымен сондай орталықты елімізде құру жөнінде уағдаластық жасалды. Ол да қағаз бетінде қалып қойды ма, кім білсін? Әйтеуір, тым-тырыс.

Срайыл СМАЙЫЛ

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам