
Парсы Шығанағындағы ахуалдың ушығуы салдарынан Ормуз (Хүрмүз) бұғазы арқылы мұнай тасымалы тоқтады. Әлемдік ақпарат құралдары хабарлағандай, бүгін Иранға жасалған әуе шабуылынан кейін жергілікті билік әлемдік “қара алтын” тасымалының 20 пайызын қамтамасыз ететін осы бұғазбен танкерлер өтпей қалды. Таяу Шығыстағы елдер өз мұнайын осы бағытпен Еуропаға жөне Азия елдеріне жөнелтетін.
Сарапшылар осыдан кейін мұнай бағасы күрт қымбаттайды деген болжамды алға тартуда.
JQ-Aqparat
Сурет: ғаламтор