jasqazaq.kz

Ордабек Жәмиев: Қоғамдағы инклюзия – мақсатты шешімдердің нәтижесі

Бүгін, 14:46

Бүгінде инклюзия – тек білім мен инфрақұрылым саласындағы ұғым емес. Бұл – қоғамдағы әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің басты өлшемі. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген көзқарас пен қолдау деңгейі – мемлекеттің әлеуметтік саясатының көрсеткіші. Осы орайда, Jas Qazaq тілшісі Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының төрағасы Ордабек Жәмиевпен сұхбаттасып, өңірдегі әлеуметтік осал топтағы азаматтардың өтініштері мен арыздары депутаттардың қаншалықты бақылауында екені туралы сұрап білді.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша аудандық мәслихат тұрақты түрде тыңдаулар өткізіп, шешім қабылдап отыратын болар?
– Әрине, бұл бағыттағы жұмыс аудандық мәслихаттың жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік салаға қатысты есептер тұрақты түрде тыңдалып, депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, солардың негізінде тиісті шешімдер қабылданып отырады. Сондықтан бұл бір жолғы емес, жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан жұмыс.
– Мүгедектігі бар азаматтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен белсенділердің ұсыныстары мәслихат деңгейінде қаралып, шешімге айналып жатыр ма?
– Иә. Депутаттар өз округтері бойынша сайлаушылармен, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтармен, үкіметтік емес ұйымдар мен белсенділермен жиі кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтайды. Бұл ұсыныстар кейін аудан әкімдігіне жолданып, орындалуы тұрақты түрде бақылауда ұсталады.
– Аудандағы инклюзивті даму саясатының заңнамалық-құқықтық негізін күшейту мақсатында қандай нақты шешімдер қабылданды?
– Осы жылдың 19 наурызында Созақ аудандық мәслихаты №176 шешім қабылдап, әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын бекітті. Бұл құжатқа сәйкес, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ АИТВ жұқтырған балалардың заңды өкілдеріне, туберкулезге шалдыққан және амбулаториялық ем сатысында тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек қарастырылған. Мәселен:
1. Жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір реттік ақшалай төлем беріледі.
2. АИТВ жұқтырған балалардың ата-аналарына ай сайын екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінде көмек жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде төленеді.
3. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Созақ ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімге сәйкес туберкулезбен ауыратын азаматтарға да ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Міне, бұл нақты әлеуметтік топтарды ескерген, мақсатты бағытталған шешімдердің нәтижесі дер едім.
– Жергілікті бюджетті бекіту кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған қызметтер мен жобаларға жеткілікті қаржы бөлінуде ме?
– Жергілікті бюджетте мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сай қызметтермен қамтамасыз ету үшін сұранысқа байланысты қаржы жеткілікті көлемде бөлінеді. Қажеттілікке қарай әр жылға арнап нақты жобалар жоспарланады. Қаржының жұмсалуы мен жобалардың тиімділігіне қатысты мәслихат депутаттары тарапынан бақылау да тұрақты жүргізіледі.
– Жалпы, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарламалардың тиімділігіне қатысты қандай бақылау бар?
– Бағдарламалардың орындалу барысы мәслихаттың бақылауынан тыс қалмайды. Әлеуметтік сала бойынша есептер тыңдалып, қоғам өкілдері мен белсенділердің пікірі назарға алынады. Сондай-ақ қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуы басты назарда.
— Әңгімеңізге рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 15:51
 Рухани құндылық: Түркістанда оқушылар «Едіге» жырын жатқа айтты
Бүгін, 14:46
Ордабек Жәмиев: Қоғамдағы инклюзия – мақсатты шешімдердің нәтижесі
Бүгін, 12:32
Түркістан: Инклюзивті қоғамдағы шексіз мүмкіндік
20 мамыр, 15:05
Түркістан: Ауыл шаруашылығы - экономикалық өсімнің басты көрсеткіші
20 мамыр, 9:59
Алматыда өндіріс орындары көбейіп келеді
17 мамыр, 14:03
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
17 мамыр, 13:00
Жастар неге үйленуге асықпайды?
15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)