«Оралман» фильмінің тұсауы кесілді

08 қараша 2016, 15:41

20161108141602

Алматыда танымал режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» толықметражды көркем фильмі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне көрсетілді. Фильмді еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша   Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Кино XX ғасырдың 30-шы жылдарында туған жерін тастап кетуге мәжбүр  болып, кейін Ауғанстаннан отанына оралған отбасының тағдыры жайлы. Фильм ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

Оқиға желісі 2000-шы жылдары Ауғанстаннан атамекенге оралған қандастарымыздың осы елді мекенге келіп тұрақтаған кездегі тұрмыс-тіршілігінен басталады.

Олар бастапқы кезде жұмыссыздық, баспана мен тіл мәселесі сияқты қиындықтарға тап болады. Ауған жерінде түсірілім жұмыстарына рұқсат берілмегендіктен, ол елдегі көріністер көрші Тәжікістанның таулы аймағындағы қыстақтарында түсіріліпті.

20161108141552

Фильм режиссері Сәбит Құрманбеков: «Киноның идеясы 2-3 жыл бұрын келген. Бір отбасының оқиғасы. Ең басты ұйытқы болып отырған – үлкен кісі, 1930-шы жылдары осы жақтан кеткен. Сол кісі еліне келіп, отанына келуді өмір бойы армандаған.  Бала-шағасы бар, немерелері бар, олар отанына қайтып келеді. Отаны қалай қабылдайды, біздің адамдармен оралған адамдардың қарым-қатынасы туралы. Шығармашылық топ кино саласында еңбегі сіңген майталмандар мен жас мамандардан құралды. Сценарий авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер, драматург Нұрлан Санжар. Кинотуындының директоры – Тәңірберген Хажиев, екінші режиссер – Болат Ысқақов».

Көрсетілімнен кейін киноны түсірген шығармашылық топ журналистермен бас қосты. Жиын барысында сөз алған сценарий авторы, кинодраматург Нұрлан Санжар: «Қаржыландырудың кешіктірілуіне байланысты бұл фильмнің көрермен қауымға жетер жолы ұзақ әрі күрделі болды.  Десек те қаржы бөлініп, үлкен экранға шықты. Кино атамекеніне қоныс аударуды армандаған қарапайым адам туралы. Фильм авторы ретінде қазақ үшін Отан ұғымы күн көріс қамы үшін ыңғайлы жер емес, байтақ дала екенін жеткізгім келді. Кейіпкеріміз көшіп келген Ауғанстанда жағдай бізбен салыстырғанда әрине ауыр. Дегенмен, еліне оралғанда да ол қиындықтарға тап келеді»-деді.

dsc_8136

Ал фильм режиссері Сәбит Құрманбеков: «Нұрлан Санжардың сценарийін қолға алғанда көз алдыма туған жеріне бағыт алған адамдардың тозақтан жұмаққа қарай  келе жатқан көрінісі келе қалды». Фильмге ән жазған композитор Айдос Сағат. Басты рөлдерді: Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Баян Қажнабиева, Шынар Асқаровалар ойнады.

Фильм сценарийі 2013 жылы жазылған. Алайда бірқатар себептерге байланысты оның түсірілуі кейінге шегерілген. «Қазақфильм» аталған фильмді шетелдік кинофестивальдарға қатыстыруды жоспарлауда. Сонымен қатар туындының премьерасын өз елімізден бөлек, қазақ диаспорасы бар елдерде өткізуді көздеп отыр.

Мақпал Ноғайбаева

 

 

 

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде