jasqazaq.kz

Оралда жүргізушілер мен полицейлердің арасындағы жанжал тағы ушықты

24 қараша 2017, 22:50

Оралда дауға себепкер болған жылдамдық өлшегішті сараптамадан өткізген полицейлер ол дұрыс жұмыс істеп тұр деп мәлімдеді. Ал дәл осы қондырғыға түсіп қалып, көп көлемде айыппұл салынған көлік жүргізушілері жақында бұл техниканың жарамдылығына күмәнданып, шу шығарған еді.Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Бір қызығы, жүргізушілерді зар қақсатқан мына құрылғы жыл басынан бергі 9 айда жол ережесінің тек 51 рет бұзылғанын тіркеген. Бірақ қазан мен қарашада жұмыс қарқынын тым үдетіп жіберсе керек, осы жылдамдық есептегіш арқылы мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салыныпты. Полицейлер бұған еш таңданып отырған жоқ. Олар құрылғыда кінарат жоқ деп дес берер емес. Яғни жүргізушілердің бәрібір айыппұлды төлеуіне тура келеді. Ал мұндай жауапқа көңілі толмағандарға тәртіп сақшылары сотқа баруға кеңес берді.

Талғат Ахаев, БҚО ІІД бастығының орынбасары:

-Біз қарап отырып, мына ұйғарымдардың ешқайсысын алып тастай алмаймыз. Заң бар, түсінесіздер ме? Міне, жауапты мамандар отыр ғой, егер осылар өз беттерінше әрекет етсе, бастары кетеді. Жеке-жеке сотқа арызданыңыздар. Сот сіздердің пайдаларыңызға шешім шығарса, айыппұлдарды алып тастаймыз.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті