jasqazaq.kz

Оралдағы жаңа шағынауданға жол қажет

02 қазан 2016, 1:36

3b45c436fc1dc32662e77d6a2c0cc73e_l

Оралда жаңадан салынған шағын ауданның тұрғындары жолдың сапасына наразы. Таяуда ғана тапсырылған үйлерге жауын кезінде жету мұң. Әсіресе балаларға қиын. Жеңіл көліктерге де оңай тимейді. Балалардың ойын алаңдары мен көлік тұрақтары да талапқа сай жетілдіруді талап етеді. Жауапты мамандардың айтуынша, қазір асфальт жол салу жұмыстары басталған. Жаңа шағын ауданда тағы бірнеше көпқабатты үй салынады. Осы құрылыс кезінде абаттандыру мәселесіне көңіл бөлінбек.

Жандос Құсайынов, қала тұрғыны:

— Осы Мөңкеұлы, 80/2 үйінің тұрғынымыз. Тұрып жатқанымызға жыл жарым болды. Жол осындай нашар.

Тілекбай Нұроллин, қала тұрғыны:

— Міне, тұрағымыз бар, көріп тұрсыз, бір 10-15 машинаға, басқа жер жоқ. Ал, баланың ойнайтын жері қайда сонда? Кір жаятын жер?

Алмас Пішенбаев, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

— Мұрат Мөңкеұлы, 83/2 үйінен шығатын Орал-Атырау және Орал-Саратов тасжолына, сонымен қатар шағынауданішілік жолдарға шығатын жолдың құрылысын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарда. Жаңа-жаңа дамып жатқан шағынаудан болғандықтан, аталған шағынауданда тағы да 10 үйдің құрылысы жоспарланған. Сол 10 үйдің құрылысы басталған кезде балаларға арналған ойын алаңшалары қосымша жоспарға енгізілген.

24.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету