Орал полициясы травматикалық қарумен бейбіт тұрғындарға оқ атқан күдіктіні іздестіріп жатыр. Оқиға күндізгі сағат 4 шамасында сыра зауытының маңында болған, – деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда полиция “бірнеше рет бұзақылық жасау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Полиция мәліметінше, күдікті 1974 жылы туған ер адам екен. Оның атқан оғынан зардап шеккен адам облыстық ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары көпір үстінде көліктердің жолын бөгеп, әр машинаны жеке-жеке тексерген. Осыған байланысты қалада бір жарым сағатқа созылған көлік кептелісі орын алды.