Оралдағы Жәңгір хан университетінде оқитын студент қыз өзіне қол салмас бұрын хат жазып кеткені белгілі болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Уральская неделяға» сілтеме жасап хабарлайды.
№3 жатақхананың студенттері жатақхана қабырғасында өзіне қол салған Балжан Давлетованың өте сыпайы қыз болғанын есіне алды.
«Ол өте тыныш, сыпайы қыз еді. Тіпті тұйықтау болды дей аламын. Балжанның өзіне қол салғаны барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Оның тобындағылар әлі күнге дейін қайғырып жүр. Балжанның аздап кекештігі болатын. Ол тақтаға шыққанда бүкіл зал үнсіз тыңдап, ренжітіп алудан қорқатын. Барлық студенттер оның тұйықтығына, ұяңдығына ерекше ілтипатпен қарап, жан-дүниесін жараламауға тырысатын», — дейді Марат есімді студент (есімі өзгертілген).
Марат бойжеткенді жатақханада тұратын қыздардың бірі тапқанын айтуда. Балжанның қасында өлім алдындағы хаты да табылған екен. Онда бойжеткен өмірден өз еркімен қош айтысып жатқанын жазған көрінеді.