jasqazaq.kz

Оралда балабақша медбикесінен туберкулез анықталды

21 қараша 2017, 10:55

Оралда балабақшада жұмыс істейтін медбикенің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақжайық» балабақшасының директоры Жанаргүл Нағимова айтқандай, медбике 27 қыркүйекте жұмысқа шықпаған, қазір емделіп жатыр.

«Бізге 2014 жылы жұмысқа тұрған болатын. Қызметкерлеріміз жылына бір рет медициналық тексеруден өтеді, ал медициналық қызметкерлер – екі рет. Бірақ флюорографияға жылына бір рет түседі. Медбике 2017 жылы 16 наурызда түскен, ол кезде ештеңе анықталмаған болатын», — дейді директор.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, медициналық қызметкер онкология ауруы белгілерімен емделуге жіберілді.
«Медбикенің қос өкпесі инфильтративті туберкулезге шалдыққаны белгілі болды. СЭС қызметшілері балабақшаны тексеріп, 21 қарашадан бастап екпе жасалатын балалардың тізімін жасады», — деп түсіндірді ведомство.
Балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп тұр екен. Оған 316 бала барады, олардың 175-іне екпе жасалмақ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті