jasqazaq.kz

Оралда әйел бір жылдан бері орманда өмір сүріп жатыр

12 қазан 2017, 18:40

Бес жыл бұрын үйсіз қалған 58 жастағы Наталья Теокина Оралдағы орманда өмір сүріп жатыр. Бұл туралы “Уральская Неделя” жазады.

Бір жыл бұрын қызы жалдап тұрған пәтерлерін өткізіп Ресейге кетіп қалғаннан бері орман Натальяның жаңа баспанасына айналған. Онда мұның ешбір туыстары жоқ. Құжаттары жоқ болғандықтан Ресейдегі қызына да кете алмайды.

Әйелдің айтуынша ол Асан ауылында тұрып шаштараз болып жұмыс істеген. Бес жыл бұрын өзінің жеке пәтері өртеніп кетіпті. Содан бері жұмыссыз және құжатсыз қалған.

Қазір ол орманда пакеттерді қорған қылып, лашықта өмір сүріп жатыр. Кез-келген нәрсемен қоректене береді. От жағып тамақ пісіріп, өзенге барып шомылып алады.

“Нанды бір жігіт дүкеннен сатып алып берді. Дүкенге жиі барамын, ондағылар жейтін бірдеңе береді. Бүгін шемішке берді”, – дейді ол. Оның киімдерінен тек қалың тоны, көйлегі, пальтосы және жыртылған бәтеңкесі қалған. Ол орманда нашақорлар көп жүргендіктен мұнда тым қорқынышты дейді. Олар тіпті әйелдің ұялы телефонын да ұрлап алыпты.

“Кеше бір жігіт келіп бұл жерден кет деп айтты. “Егер кетпесең басыңды шауып, көміп тастаймыз” деді”, – дейді әйел.

Наталья енді қайда барарын білмейді. Оны құжаттары болмағандықтан бейімдеу орталығына қабылдамайды, ал жақында қыс түсетіндіктен орманда бұдан әрі қалу мүмкін емес.

Кейінірек әйелді бейімдеу орталығының алып кеткені белгілі болды. Қызметкерлер оның құжаттарын реттеп, зейнетақысы рәсімдеп беруге уәде берген.

Stan.kz 

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже