jasqazaq.kz

Орал түрмесінде төбелес болып, 10 адам жарақат алды 

13 мамыр 2022, 12:00

Оралда түрмеде жазасын өтеушілер төбелесіп, 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 мамыр күні шамамен сағат 05.00-де қауіпсіздігі орташа РУ-170/2 мекемесінде болды. Мекеме жатақханасында жазасын өтеушілер бір-бірімен сөзге келіп, соңы бұзақылық әрекетке ұласқан. 10 минут ішінде кезекші жасақтың күшімен төбелес тоқтатылған. Барлық қатысушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Жазасын өтеушілердің өміріне қауіп жоқ.

«Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы Зачаган полиция бөлімі қызметкерлерімен ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күні бүгін жазасын өтеушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ. Қызметтік тексеру тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға салдарынан жарақат алған 1985 жылғы жазасын өтеуші дәрігер қарағаннан кейін облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. 1992 және 1988 жылғы жазасын өтеушілер дәрігерлер қарағаннан кейін кері қайтарылған.

Оқиға орнынан ұзындығы 1 метр 6 дана металл тұрба, ұзындығы 1 метр 3 дана ағаш таяқ, қара-қоңыр дақтар алынған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, барлығы 10 адам жарақат алған. Олардың екеуі медициналық көмектен бас тартты. Жетеуі қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Көмек көрсетілгеннен кейін отырған жерлеріне қайтарылды. Төменгі жақ сүйегі сынған бір адам облыстық ауруханаға жатқызылды.

02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
02 шiлде, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
02 шiлде, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
02 шiлде, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар