jasqazaq.kz

Орал тұрғындары қисайған үйден қорқады

14 қараша 2016, 21:27

dom

Оралда ескі тұрғын үй құлағалы тұрса да, жергілікті басшылар оны апатты деп тануға асығар емес. Үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отырған жұрттың айтуынша, пәтер төбесінен құм саулап, жаңбырлы күндері су тамшылайды. Қалада қазір дәл осындай жағдайда тұрған 200-ге жуық көппәтерлі үй бар деп хабарлайды кtk.кz. Ал жергілікті шенеуніктердің жауабы мәселені тұрғындардың өзі шешсін дегенге саяды.

Салынғанына 70 жылға жуықтаған мына тұрғын үйдің ішкі-сыртқы түрінен өзге түгіл, тұрғындардың өздері шошиды. Бірнеше рет жиылып, жөндемек болғанмен, адам күші де, қаржы-қаражат та жетпеген.Үйдің қабырғалары да әбден тозып кеткен. Пәтер ішіндегі қолқаны қабатын сыз исі тіпті шыдатпайды. Бұл осындағы 16 пәтерге ортақ жағдай. Ал мұның бәрін қағазға түсіріп, көмек сұраған халыққа ешкім қол ұшын созбаған.

Ләззат Қайырова, Орал қаласының тұрғыны:

-Күн жаңбырлы кезде жоғарыдан су ағады. Жаңбыр болған күні түгел су боп кетті.

Шама-шарқы келгенше жөндеу жұмыстарын жүргізіп шаршаған тұрғындар пәтер иелері кооперативінің де құрамынан шығып кеткен. Өйткені, ондағылар ақша жинаудан басқа ештеңемен айналыспайтын көрінеді. Ал, әкімдіктегілер үйдің қандай жағдайда екені тек сараптама қорытындысынан соң белгілі болады деп отыр.

Қайрат Мұхамбетқалиев, Орал қалалық тұрғынүй шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

-Мұндай үйлер қалада жетіп-артылады. Жалпы саны 200 үй бар осындай. Тұрғындарға айтарым –қол жинап, қажетті құжаттарын өткізіп, терможаңғырту бағдарламасына қатысып, үйлерін жөндетсін.

Бірақ, ол үшін жөндеуден өтетін тұрғын үй пәтер иелерінің кооперативі құрамында болуы тиіс. Одан кезінде өз еріктерімен бас тартқан тұрғындар енді үйінді астында қалмас үшін өздері қам-қарекет жасамаса, әкімдіктен қайран болмайтын секілді.

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік