jasqazaq.kz

Оңтүстіктен теріскейге қоныс аударатын жұрт тек ірі елді мекендерге орналастырылуы тиіс

06 желтоқсан 2017, 23:06

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өзінің қарамағындағыларға осындай тапсырма берді. Өйткені шағын ауылдарға көшіп баратын күнгейлік ағайын сол жерден тұрақты жұмыс таппай қиналады екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Бұған дейін өзге өңірлерден қоныс аударған халықты шенеуніктер мектебі жабылғалы тұрған шағын ауылдарға қоныстандыратын. Ондағы ойы халқы бытырап кеткен ауылдарды сақтап қалу болған. Оларға жұмысты тек жергілікті шаруа қожалықтары ғана ұсынатын. Бұл – қоныс аударушылардың еңбекақылары қолдарына тек күзгі жиын терімнен соң ғана тиеді деген сөз. Енді Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау өңірінен көшіп келетін ағайын барлық мәдени, әлеуметтік нысандары бар ірі елді мекендерге ғана орналастырылатын болды. Екі жыл бойы жүзеге асып жатқан бағдарлама асяында теріскейге осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасы көшіп келіпті. Ит жылы бұл көрсеткіш екі есеге артпақ.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Бұдан былай ешқандай әлеуметтік нысаны жоқ шағын ауылдарға оңтүстіктен келген ағайынды қоныстандыруға тыйым саламын. Олар басқа жерден жұмыс таппай ертең бір серіктестік иесінің қолына ғана қарап қалады. Сондықтан алдағы жылдан бастап облысқа қоныс аударатын отбасылар тек ірі елді мекендерге ғана жайғастырылсын.

30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
30 шiлде, 13:54
Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер мен қолдау тетіктері
30 шiлде, 13:52
Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі
30 шiлде, 13:51
Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық
30 шiлде, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 18:29
Аягөз-Бақты: Логистика өңірдің өркендеуіне серпін береді