«Оңтүстік» тұрғын алабы сапалы интернетпен қамтылды

16 шiлде 2023, 11:01

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ең негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру аясында интернет қолданушылардың саны артып және Қазақстан Республикасы тұрғындары цифрлық xабар таратумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру арттыру жоспарда бар. Ол үшін ең алдымен барлық шалғай елді мекендер сапалы интернет желісімен қамтылуы тиіс.

Шымкент қаласында шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор «Спец автоматика сервис» ЖШС тарапынан Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабы талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтылды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар.

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, қалалық мәслихат депутаты Айжан Наимбекова, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев тұрғындармен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді. Биыл сәуір айында 4 инвестормен меморандум түзіліп, 2023 жылы 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жасалған.

– Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр 14 елді мекен қамтылса, биыл 20 елді мекенге аталған оппткалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жыл аралықта тұрғын алаптар тізімі және олардың мерзімдері белгіленді. 2025 жылы қаланың шеткі аймақтарын толық оптикалық желімен қамту көзделіп отыр. Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 тұрғын алабында жұмыс басталып кетті, – деді басқарма басшысы тұрғындармен кездесуде.

Іс-шара барысында көпшілік талшықты-оптика желісінің сапасын байқап көрді. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін бос жер телімдері белгіленген.

Сонымен қатар, қазір қала аумағында 30 қоғамдық орында тегін Wi-Fi қызметі қосылған. Орталық саябақ, Абай саябағы, Тәуелсіздік саябағы, Цитадель, Қошқарата өзені жағалауы, Жеңіс саябағы, Металлургтер саябағы және Дендросаябағында ақылды күнбағыс құрылғылары бар.

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды