jasqazaq.kz

Оңтүстік Қазақстанда жүздеген отбасы картада жоқ ауылда тұрып жатыр

11 желтоқсан 2017, 13:13

Қазығұрт ауданындағы картада жоқ ауылдың тұрғындары бұл проблемаға билік өкілдері қашан назар аударар екенін күтіп жүргендерін айтты. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады.

Қазығұрт ауданындағы елді мекеннің бұрын атауы да болған екен – Жантақсай, ал қазір оның бәрінен ада болған, тіпті кадастрлік нөмірі де жоқ. Ауыл картада белгіленбеген, яғни заңды түрде жер бетінде жоқ.
Бұл ауылда Өзбекстаннан көшіп келген 120 оралман отбасы тоғыз жылдан бері тұрады, жазда бұлақтан су ішсе, қыста қарды ерітіп күнелтеді. Балалары мектепке бару үшін бірнеше шақырым жапан даланы жүріп өтеді.
Айнатас ауылына жақын орналасқан бұл елді мекеннің тарихы 2000-шы жылдары басталыпты, сол кезде оралмандарға жер бөліп, қажетті коммуникациямен қамтамасыз етуге уәде берген. Адамдар үйлерін салып, тұрып жатады, билік өкілдеріне ұмыт болғандарын тіпті байқамапты да.

Қазығұрт ауданы бойынша ТКШ басшысы қызметін атқарушы Дөненбай Есболханов айтып жеткізгендей, жергілікті атқарушы органдар жол салуға қажетті сметаны даярлап қойған, енді ауыз су мәселесі шешіледі. Алайда облыстық әкімдік Қазығұрт әкімдігінен ешқандай өтініш түспегенін мәлімдеді.
Сайттың хабарлауынша, бұл оқиға өңірде бірінші рет болып тұрған жоқ. 2016 жылы Сарыағаш ауданында 205 отбасы тұратын ауылдың картада жоқ екені анықталған. Мемлекеттік актілер мен құжаттар жарамсыз деп танылыпты.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң