jasqazaq.kz

Омбының демографиясын көтеру үшін Қазақстаннан ер-азаматтар әкелу ұсынылды

14 қараша 2017, 12:37

Қазақстанның ер-азаматтары Омбы қаласындағы туу көрсеткішінің төмендеуі мәселесін шешіп береді, деп сенеді қаланың мэрі болуға үміткер Дмитрий Перевальский, деп жазады «СуперОмск» басылымы.

44 жастағы зейнеткердің пікірінше, қазақстандық жігіттерді арнайы көшіріп, Омск қаласында қыз-келіншектермен танысуға жағдай жасау керек.

«Жастарға отбасын құруды үйрету керек, олар мұны білмейді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанға назар аударғанымыз жөн, ол жақта Омбы қаласына көшіп кеткісі келетін ер-азаматтар көп. Қалалық шенеуніктер курстар, жастар лагерлерін, би кештерін ұйымдастырып, омбылық қыздарды қазақстандық жігіттермен таныстыру қажет», — деп мәлімдеді Перевальский.

Саясаткер қаладағы қыз-келіншектердің өмірлік жарын таба алмай жүргеніне қатты налиды, себебі ерлердің біразы түрмеде, біразы вахталық жұмысқа орналасқан, ал қалғандары «алқаштар, наркомандар, арамтамақтар».

Омбы қаласының мэрі атануға 37 адам үміткер болып отыр. Омбылық саясаткердің бұл өтінішіне Солтүстік Қазақстандағы ер-азаматтар қалай қарайтыны әлі белгісіз.

sputniknews.kz

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы