jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрғанда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек

05 мамыр 2025, 12:39

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай химиясы салаларын дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында химия және мұнай химиясы салаларының дамуы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға тікелей әсер ететіні атап өтілді.

Олжас Бектенов: «Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін химия, мұнай химиясы салаларын дамытудың стратегиялық маңызын атап көрсетті.

Химия өнеркәсібі ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, металлургия және құрылыс сияқты басқа да салалардың дамуын қамтамасыз етеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7%-ға ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50%-дан жоғары болды. Химия өнімдерінің экспорты 2 млрд доллардан асты, бұл 2023 жылғы деңгейден 13%-ға артық. Биылғы I тоқсанда да оң динамика сақталып отыр. Химия саласы 12,5%-ға өсті»,
— деп атап өтті.

Бүгінде елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттармен қатарауқымды өнім спектрін шығарады.

Мысалы, Атырау облысында жұмыс істеп тұрған полипропилен зауыты – Орталық Азия өңіріндегі осы бағыттағы ең ірі кәсіпорын және Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің ең ауқымды жобасы. 2024 жылы жобаның II кезеңінің құрылысы басталды. Негізгі міндет – импорттық өнімдерді толық алмастырып, қосылған құны жоғары экспорттың өсуін қамтамасыз ету. Жоба жалпы ел экономикасына тигізетін мультипликативті әсері зор.

Сонымен қатар Жамбыл облысында натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат өндірісі бойынша перспективалы жобалар іске асырылуда.

Үкімет отырысында Премьер-министр өңдеу тереңдігін арттыру және жоғары технологиялық өнім түрлерін кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Аталған жобалардың барлығы қосылған құн тізбегін құруға үлкен үлес қосады. Дегенмен, шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен.

Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді»,
— деді Олжас Бектенов.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер