jasqazaq.kz

Олжас Бектенов Абай облысында ядролық кластердің қалай құрылып жатқанын тексерді

13 наурыз 2025, 16:32

Прнмьер-Министр Абай облысына жұмыс сапарында Мемлекет басшысының энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі берген тапсырмаларының жүзеге асырылуын тексерді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралау кезінде Премьер-министр «Балапан» сынақ алаңы нысандарын, оның ішінде «Атом көлі» мен шахталық іске қосу қондырғыларын қарап шықты. Сондай-ақ Премьер-министр әлемдегі алғашқы токамак (магнитті катушкалары бар тороидты камера) «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Ұлттық ядролық орталықта болып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да қабылданып жатқан шаралармен танысты.

«Байкал-1» кешені аумағында Олжас Бектеновке нысанда жүргізіліп жатқан ядролық реакторларды зерттеудің негізгі бағыттары туралы баяндалды. Атом энергетикасы және энергетикалық технологиялар саласындағы ғылыми әзірлемелер үшін пайдаланылатын ИВГ.1М зерттеу реакторы жұмысына назар аударылды. Маңызды кезең – ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға конверсиялауды аяқтау. Бұл бастаманы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (АЭХА) жан-жақты қолдады. Конверсия барысында реактор кешенінің жүйелері айтарлықтай жаңғыртылды, бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға және еліміздің технологиялық, энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға бағытталған ғылыми бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Үкімет басшысы қолда бар әлеуетті ашуда және стратегиялық мәселені шешуде ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Жақын арада ИВГ.1М реакторы жобалық сипаттамаларына қол жеткізу үшін жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Материалтану токамагы (ҚМТ) бірегей тәжірибелік термоядролық қондырғысын тексеру кезінде негізгі жабдықтармен және жүргізіліп жатқан зерттеулер нәтижелерімен танысты. Бұл – соңғы 10 жылда пайдалануға берілген әлемдегі мұндай деңгейдегі алғашқы мамандандырылған қондырғы. Токамак басқарылатын термоядролық синтез саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, реакторларға арналған материалдарды сынауға арналған. Мұнда еліміздегі термоядролық технологияларды дамытудың маңызды бағыты саналатын плазмалық разрядты зерттеу және материалдарды сынау бойынша тәжірибелер жүргізіледі.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк