jasqazaq.kz

Өлімнен кейін адам не сезеді?

06 қараша 2017, 15:06

Адам өлімнен кейін өзінің қайтыс болғанын сезеді және айналасында не болып жатқанын түсінеді екен, — деп хабарлайды Нью-Йорк университетінің жанындағы Langone медицина мектебінің (NYU Langone School of Medicine) ғалымдары.

Зерттеу LiveScience интернет-басылымында жарияланды, — деп хабарлайды РИА Новвости. Дәрігерлердің анықтамасы бойынша, өлім миға қан бармай, оның жұмысы бірден тоқтаған сәтте болады. Осыдан кейін мидің жасушалары өле бастайды. Зерттеу жүргізуші Сем Паринаның сөзінше, бұл клиникалық өлімнен кейін бірнеше сағат өте болатын процесс екен. Сонымен қатар, жүрек тоқтағанымен адамның санасы бірден өшпейді. Адамдар «өлімнің алғашқы фазасында» тіршілік белгілерін көрсете алады. Жүрегі тоқтап қалып, клиникалық өлімді көрген адамдар өздерімен не болғанын толық айта алуы осыған дәлел. «Олар дәрігерлер мен медбикелердің қалай жұмыс істеп жатқанын сезіп, олардың сөздерін естіп жатады екен. Басқаша олар айналасында не болғанын еш жерден біле алмайтын еді», — деп атап өтті Парина. Зерттеушінің айтуынша, бұл еске алуларды дәрігерлердің өздері растап, іс жүзінде өлді деген адамдардың айналасындағы жағдайдың бүге-шүгесіне дейін айтып бергеніне таңданады екен.

tengrinews.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы