jasqazaq.kz

Оқушы қыз жігітке зорлады деп жала жапқан

12 желтоқсан 2017, 16:46

Қарағанды облысының тұрғыны мектеп оқушысын зорлауға оқталды деген айыппен төрт ай уақытша ұстау изоляторында қамауда болған. Сөйтсек, жәбірленуші жеке жақтырмаушылығына байланысты сотталушыға жала жапқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, бұл оқиға Ақтау ауылында (Теміртау маңында) биылғы 25 маусымда болған. Сол кезде 15 жастағы қыз шешесімен бірге полицияға барып, ер адамның үстінен зорламақ болды деп арыз жазған. Оқушы қыз тергеушіге құрбысының пәтеріне барғанын, сол жақта түнегенін және бұл үйге соттаулушының да келіп, оны зорламақ болғанын айтқан. «Ол мені ваннаға кіргізіп алып, шешінуімді талап етті. Мен айғайлай бастап едім, мені ұрды. Айғайымды естіген құрбым келді. Ол есікті қағып, дереу ашуын талап етіп, полиция шақыратынын айтты. Сосын ер адам есікті ашты», — деп оқушы қыз куәлік берген. Қылмыстық іс Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотта оқушы қыз бен оның заңды өкілі куәлігін өзгерткен. Олар түсінбеушілік болғанын және жігіттің қызды зорлағысы келмегенін айтты. Оқушы қыз оған неліктен жала жапқаны жайлы сұраққа бұл іске ұрып-соққаны үшін барғанын айтқан. Сөйтсек, екеуі жанжалдасып қалған екен. Сотта жәбірленуші тарап сотталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінді. Мектеп оқушысы шешесі мен прокурор арқылы сотталушымен татуласып, дау осылайша реттелген. Сот жігітке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды, алайда ер адам бір миллион теңгеден аса сот шығынын өтеуі тиіс.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң