Оқулықтың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді

24 шiлде 2023, 11:45

Оқулықтардың 80% цифрлық форматқа көшірілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жаңа оқу жылына дайындық барысында цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген.
Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтер үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленген.
«Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының – 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының – 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілді. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған», – дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып келеді. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.
2023 жылдың басынан цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса видеосабақ жарияланған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды