jasqazaq.kz

ОҚО-да жалған айып таққан бойжеткен сотталды

11 желтоқсан 2017, 11:05

Сарыағаш ауданының тұрғыны «Өзбекстан азаматтары зорлады» деген желеумен тәртіп сақшыларын шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарағаш ауданы прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымовтың сөзінше, Абай ауылының тұрғыны әпкесінің айтуымен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматымен бірге ішімдік ішеді. Бойжеткен кейін өзінің үстіндегі көйлегін жыртып тастап, Сарыағаш аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оқиға орнынан келген тәртіп сақшыларына ол «құрылысшылардың екеуі де ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, мені еркімнен тыс зорлады» деп арызданған. Ауданның полицейлері осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2- бөлігі «Зорлау» бойынша іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Дегенмен, мастығы тарқаған соң бойжеткен полиция қызметкерлеріне өзі жалған арыз жазғаны және жалған жауап бергенін айтып беріп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген. Сөйтіп көрінеу жалған сөз жеткізген азаматшаның үстінен Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» және 420-баптың 2 бөлігімен «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма» бойынша қылмыстық іс қозғалып, толығымен дәлелін тапты. Сарыағаш аудандық сотының үкімімен бойжеткен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң