jasqazaq.kz

ОҚО-да кәмелетке толмаған мыңға жуық қыз жүкті болып қалған (видео)

10 қараша 2017, 12:19

Соңғы үш айда облыста кәмелет жасқа толмай жатып жүкті болғандар саны 1000-ға жуықтаған. Босаға аттамай тұрып, құрсақ көтергендердің жартысына жуығының ана атануға мүмкіндігі аз дейді дәрегерлер. Ақ халаттылардың мұндай шешімге келуіне қыздардың физиялогиялық әлсіздігі себеп болған. Ерте жүктіліктің зардабын айтып дабыл қаққан мамандар енді қыздардың ізінен қуып кеңес беруге көшкен.

Салауатты өмір салты орталығының мамандары оқу орындарында білім алып жатқан қыздарға мамандық кеңестерін айтудан аянбайтын болған. Себебі, жасы он сегізге толмай тұрып төсек ләззатын сезінгісі келетіндер көбейіпті. Мәселен, аймақта соңғы үш айда 917 қыздың аяғы ауырлаған. Ал, олардың 45 пайызының бала тууға денаулығы жарамсыз. Мәселеге алаңдаған ақ халаттылар студент қыздар арасында ерте жүктіліктің зиянды екенін түсіндіруде.

Мамандар жоспарсыз жүктіліктің қаншалықты зиян екенін ескертеді. Оның арты қоғамда баланы көшеге тастау, түсік жасау сияқты сәтсіз оқиғаларға алып келеді. Тіпті алғашқы жүкітілікте түсік жасатқандардың 95 пайызы бедеу болу қаупі бар. Осы сияқты ақпараттар мен гинекологтар кеңесі студенттерге өмірлік сабақ болды.

Мамандар ерте жүктіліктің зардаптары туралы жиынды барлық оқу орындарында өткізбек. Себебі, ерте жүктіліктен көш бастап тұрған өңірдің қыздарына ақ халаттылар тегін кеңес беруді жиілете түспек.

https://youtu.be/Kg3BC4pTQkc

tvk-uko.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы