ОҚО-да екі баланың анасы өлі табылды, — деп хабарлайды tengrinews.kz.
Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны 3 жыл бұрын отандасқан жарын аямай соққыға жығып, өлтірген. Бұл мәлімдемені марқұм келіншектің туыстары айтып отыр. Айтуларынша, бес уақыт намаз оқыған отағасы жат ағымға кіріп кеткен.
Сұмдықты көрген туыстары қызымыз қиналып өлген деп отыр. Сөйтіп денені сараптамадан қайтадан өткізіп, күйеу балаларының сорақы әрекетін сотта дәлелдемек. Үнемі жұбайының тепкісінің астында қалатын келіншек төркініне талай барып, көмек те сұрапты. Осы жылдың қаңтар айында әйелге белгісіз азаматша хабарласып, өзін күйеуінің көңілдесімін деп таныстырған. Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екенін жасырмай, әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін азаматшаның өлі денесі қорадан табылған.
Алайда сот-медициналық сараптамадан келіншектің механикалық асфиксиядан өлген деген қорытынды жасалған.